Последние новости
СПОРТ АРДАГЕРЛЕРІ – ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
Спорт күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі және «Спортшылар кеңесі» Қоғамдық Бірлестігінің бастамасымен Астана қаласында, Қазақ ұлттық университетінің кешендерінде спорт Ардагерлеріне құрмет жасалып, мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді !
Бірінші күні спорт Ардагерлердің арасында асық ату, дойбы және үстел теннисінен жарыстар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тартысты өтті.
Жарысқа еліміздің әр өңірінен келген спорт ардагерлері қатысып, спорттағы шеберліктерін ғана емес, сергектігін, ұйымшылдығын және жеңіске деген жігерін тағы бір мәрте көрсетті. Ең бастысы – бұл жарыстар ардагерлердің басын қосып, тәжірибе алмасуына, достық қарым-қатынасты нығайтуына және кейінгі ұрпаққа үлгі көрсетуіне мүмкіндік берді.
Екінші күні Спорт күніне арналған іс-шаралар Бағдарламасы «Спорттағы реформалар, басқарудың жаңа модельдері және бизнестің спортпен серіктестігі» тақырыбындағы пленарлық сессиямен жалғасты. Пленарлық сессиялар барысында спорт саласындағы реформалар, бюджетті тиімді пайдалану, спортшыларды даярлаудың жаңа тәсілдері, спорттық медицина мен ғылым саласында жаңа бағыттары, басқарудың заманауи модельдері, сондай-ақ бизнес пен спорттың өзара серіктестігі мәселелері талқыланады.
Сонымен қатар спорт ардагерлері жаңа Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы, адам қадір-қасиеті мен ел дамуының жаңа бағыттары туралы өз ой-пікірлерін ортаға салады.
Салтанаты іс-шарада Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, сонымен қатар осы шараға арнайы шақырылған Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Ғылым және жоғарғы білім минстрінің орынбасары Гүлзат Көбенова спорт саласындағы барлық буынның өкілдеріне мемлекеттік және салалық наградалармен марапаттады!
Осы игі бастаманың жүзеге асуына қолдау көрсетіп, спорт ардагерлерінің басын біріктіруге, олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға ерекше көңіл бөліп отырғаны үшін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновқа спорт ардагерлері атынан шынайы алғысымызды білдіреміз.
Ербол Қуантайұлының спорт ардагерлеріне деген құрметі мен қолдауы – саладағы аға буынның еңбегін бағалаудың жарқын көрінісі. Министрдің бастамаларды қолдап, ардагерлердің қоғамдағы орнын арттыруға мән беруі біз үшін үлкен демеу. Осындай қолдаудың арқасында спорт ардагерлерінің басын біріктіретін жаңа жобалар мен қоғамдық бастамалар жүзеге асуда.
Жаңадан құрылған «Спортшылар кеңесі» Қоғамдық Бірлестігінің басты мақсаты – спорт ардагерлері мен жас спортшылар арасындағы ұрпақтар сабақтастығын нығайту, тәжірибе мен тағылымды кейінгі буынға жеткізу арқылы қазақ спортының дамуына жаңа серпін беру.
Бұл бастама тек жарыстар ұйымдастырумен шектелмейді. Спорт ардагерлерінің өмірлік және кәсіби тәжірибесін жастар тәрбиесіне пайдалану, ұлттық спорттық дәстүрлерді сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау және ел спортының абыройын арттыру – баршамызға ортақ міндет.
«Қазақстандық спорт ардагерлері Одағы» республикалық Қоғамдық Бірлестігінің мүшелері де осы игі мақсаттарды жүзеге асыруға белсенді түрде атсалысып, ардагерлер мен жас спортшылар арасындағы байланысты одан әрі нығайтуға өз үлестерін қосуда.
Кезінде көк Туымызды халықаралық ареналарда көкке көтеріп, Қазақстанның абыройын асқақтатқан спорт ардагерлері бүгін де спорттың дамуына қызмет етіп келеді. Олардың әрбір жетістігі – кейінгі ұрпаққа өнеге, ал жинаған тәжірибесі – қазақ спортының баға жетпес қазынасы.
Бүгінгі басқосу – спорт ардагерлеріне құрмет көрсетудің ғана емес, олардың мол тәжірибесін жас ұрпаққа аманаттаудың, спорттағы сабақтастықты жалғастырудың маңызды қадамы.
Спорт – денсаулықтың кепілі.
Спорт – ел бірлігінің негізі.
Спорт ардагері – ұрпақтар сабақтастығының алтын көпірі!
Біз «Спортшылар кеңесі» және «Қазақстандық спорт ардагерлері Одағы» атынан Республикамыздағы барлық спортшыларды, дене шынықтырумен айналысатын барлық тұрғындарды, даңқты спортшылармен спорт ардагерлерлерін алда келе жатқан Спорт күніімен шын жүректен құттықтаймыз! Баршаңызға мықты денсаулық, жаңа жеңістер, ал спорт ардагерлеріне ұзақ ғұмыр, абырой мен зор құрмет тілейміз!
Спорт күнімен құттықтаймыз!
Құрметті спортшылар, жаттықтырушылар, спорт ардагерлері және белсенді өмір салтын ұстанатын азаматтар!
«Қазақстан спорт ардагерлері одағы» және «Спортшылар кеңесі» Қоғамдық Бірлестіктердің атынан сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Қазақстан Республикасының Спорт күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Спорт - бұл жай ғана дене шынықтыру емес, ол - темірдей тәртіптің, қайсар рухтың, төзімділік пен патриотизмнің көрінісі. Қазақстан спортының тарихы халықаралық аренада еліміздің даңқын асырып, әлемнің ең биік спорттық тұғырларында көк туымызды желбіреткен батырларымыздың жарқын жеңістері мен есімдеріне толы.
Бұл айтулы күні ерекше алғысымызды ардагерлерімізге білдіреміз. Сіздердің көпжылдық жанқиярлық еңбектеріңіз, өз істеріңізге деген адалдықтарыңыз пен бай тәжірибелеріңіз отандық спорт қозғалысының сенімді іргетасын құрайды. Сіздер жас ұрпақ бойына спорттық дәстүрлер мен дұрыс өмірлік құндылықтарды дарытып, оларды жаңа белестерге жігерлендіріп келесіздер.
Барша спортшыларға - жаңа рекордтар мен жарқын жеңістер, жаттықтырушыларға - дарынды әрі алғысты шәкірттер, ал ардагерлерімізге - зор денсаулық, ұзақ өмір және сарқылмас энергия тілейміз! Спорт халықты біріктіріп, қуаныш сыйлап, ұлтымыздың денсаулығын нығайта берсін!
Поздравляем с Днем спорта!
Уважаемые спортсмены, тренеры, ветераны спорта и любители активного образа жизни!
От имени Общественных объединений «Казахстанский Союз ветеранов спорта» и «Спортшылар кеңесі» искренне поздравляем вас с профессиональным праздником - Днем спорта Республики Казахстан!
Спорт - это не просто физическая культура, это воплощение дисциплины, силы духа, стойкости и патриотизма. История казахстанского спорта богата яркими победами и именами героев, которые своими достижениями прославили нашу страну на международной арене и подняли государственный флаг на высочайших спортивных пьедесталах мира.
Особые слова благодарности в этот день мы адресуем нашим ветеранам. Ваш многолетний самоотверженный труд, преданность своему делу и богатейший опыт составляют надежную основу казахстанского спортивного движения. Вы продолжаете вдохновлять молодое поколение, передавая им лучшие традиции отечественного спорта и прививая правильные жизненные ценности.
Желаем всем спортсменам - новых рекордов и ярких побед, тренерам - талантливых и благодарных учеников, а ветеранам - крепкого здоровья, долголетия и неиссякаемой энергии! Пусть спорт продолжает объединять людей, дарить радость и укреплять здоровье нашей нации!
«Казахстанский Союз ветеранов спорта»
Республиканское общественное объединение
Календарь событий
| пн | вт | ср | чт | пт | сб | вс |
|---|
Наши публикации
Перейти в InstagramКОНТАКТЫ
Республика Казахстан, 010000, г. Астана, пр. Туран, 59
У вас есть вопросы или предложения? Отправьте нам сообщение и мы с вами свяжемся!