«ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТ АРДАГЕРЛЕРІ ОДАҒЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІК

«ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТ АРДАГЕРЛЕРІ ОДАҒЫ»

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ

 

 

I. «БІРЛЕСТІК» ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ

 

Бұл ұйым – еліміздің спорт саласына зор үлес қосқан ардагерлерді біріктіріп, оларға жан-жақты қолдау көрсетуді, қоғаммен тығыз байланыс орнатуды және отансүйгіштік рухты жаңа буын спортшыларына жеткізуді мақсат тұтады.

Қазақ спортының бүгінгі жетістіктерінде еліміз Тәуелсіздік алған кезеңнен бастап, одан бұрынғы уақытта да сүбелі еңбек сіңірген спорт ардагерлерінің маңдай тері, үлесі айрықша екені сөзсіз. Сол себепті, спорт мұражайларын құру жұмыстарын ұйымдастыру – ардагерлердің еңбегін әрдайым жоғары бағалауымыздың көрінісі ғана емес, сонымен қатар, олардың үлкен спорттан кеткеннен кейін де қоғам назарынан тыс қалмай, тиісті қолдау мен қамқорлыққа ие болуын қамтамасыз ету деп санаймыз.

 

 

II. «БІРЛЕСТІК» ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТТАРЫ

 

Тәлімгерлік - Ардагерлер мен жаңа буын спортшылар арасында тәлімгерлік жүйесін қалыптастырып, спортта үлкен жетістікке жеткен даңқты ардагерлердің Олимпиада, әлем және Азия чемпионаттарына қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне рухани-психологиялық қолдау көрсетіп, кәсіби бағыт-бағдар беруін қамтамасыз ету.

Қолдау - Спорт ардагерлерінің әлеуметтік жағдайларын зерттеп, оларға жан жақты қолдау көрсету.

Жарыстар - Спорт федерацияларымен бірлесіп, ардагерлер арасында өтетін Ойындар мен әлем және Азия чемпионаттарына қатыстыру. Республикалық деңгейде спорт ардагерлері арасында Спартакиада ұйымдастыру.

Мұрағат - Елімізде «Спорт Даңқы» музейін ашу.

Қамқорлық - Ардагерлердің мерейтойларын лайықты атап өтуге атсалысу. Өмірден өткен ардагерлердің отбасыларына қамқорлық жасау.

 

 

III. «БІРЛЕСТІКТІҢ» ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ

 

КОНФЕРЕНЦИЯ - «Бірлестіктің» жоғары органы - қажетіне қарай, екі жылда бір реттен жиі емес шақырылатын Конференция болып табылады. Конференцияны өткізу күні мен орны, күн тәртібі Төралқаның шешімімен белгіленеді. Төралқа Конференцияның өтетін орны мен уақытын және күнін белгілейді.

БІРІЛЕСТІК ТӨРАҒАСЫ. «Бірлестік» төрағасын лауазымға Конференция сайлайды және қызметтен босатады. «Бірлестік» төрағасының өкілеттік мерзімі - 5 (бес) жыл. Бірлестіктің төрағасы өз қызметін ақылы жүзеге асырады. Төрағаға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы және Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамасы қолданылады.

БАСҚАРУ ОРГАНЫ – ТӨРАЛҚА. Төралқа «Бірлестіктің» Алқалы басқару органы болып табылады. Төралқаның мүшелері өтемақысыз қызмет етеді. Төралқа құрамы 25 (жиырма бес) мүшеден аспауға тиіс. Төралқа мүшелерінің өкілеттік мерзімі 5 (бес) жылды құрайды.

«БІРЛЕСТІКТІҢ» АППАРАТЫ. «Бірлестік» аппараты «Бірлестіктің» қызметін ұйымдастырушылық, кадрлық, құқықтық, қаржылық, материалдық техникалық, құжаттамалық және басқа да қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ. «Бірлестіктің», облыстық (қалалық, аудандық) және Астана, Алматы, Шымкент филиалдарының Конференциясы «Бірлестіктің» бақылау-тексеру органдарын сайлайды, олардың сандық және дербес құрамын анықтайды, олардың Ережесін бекітеді.

 

 

IV. «БІРЛЕСТІКТІҢ» ФИЛИАЛДАРЫ МЕН БӨЛІМШЕЛЕРІ

 

«Бірлестіктің» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған өзінің құрылымдық бөлімшелері – филиалдары болады.

Филиалдар аумақтық әділет органдарында тіркеледі.

Филиалдар заңды тұлға болып табылмайды, олар өздері туралы Ереженің негізінде әрекет етеді, өз қызметінде «Бірлестіктің» Жарғысын, жоғары тұрған органдардың шешімдерін басшылыққа алады және «Бірлестіктің» мүлкімен қамтамасыз етіледі.

Жоғары тұрған органдардың шешімдерін орындау кезінде филиалдар өз мақсаттарына жету жолдарын дербес анықтайды.

Филиал басшысын «Бірлестіктің» Конференциясы сайлайды.

 

 

V. «БІРЛЕСТІККЕ» МҮШЕЛІК

 

Дене шынықтыру мен спортты дамыту саласында зор табысқа жеткен, республикалық дәрежеде спорттық жетістігі бар (кем дегенде, Қазақстан Республикасының чемпионы, спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ұлттық дәрежедегі төреші) 50 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары және спорт саласын қолдайтын заңды тұлғалар-қоғамдық бірлестіктер, «Бірлестік» мүшелері бола алады. Саяси партиялар «Бірлестікке» мүше бола алмайды.

«Бірлестікке» мүшелік Құрметті болуы да мүмкін. «Бірлестіктің» Құрметті мүшесі Жарғының мақсаттары мен міндеттерін бөлісетін көрнекті саяси, спорт және басқа да мемлекеттік қайраткерлер болуы мүмкін.

«Бірлестіктің» мүшелігіне қабылдауды және одан шығуды азаматтың жеке өтініші немесе азаматтардың ұжымдық өтініші негізінде «Бірлестіктің» Төралқасы жүзеге асырады. «Бірлестікке» қабылданған мүшеге мүшелік кітапша мен төсбелгі беріледі.